
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
1988 жылы 21 қараша күні Павлодар облысы Успенка ауданында дүниеге келген. Отбасымен 1995 жылы Ақсу ауданы Пригородное ауылына көшті. Сол жылы Үштерек орта мектебінің 1-сыныбына барды. 9 сыныпты бітіргеннен кейін 2004 жылы Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжіне оқуға түседі. 2007 жылы колледжді "Кітапхана ісі" мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылдың қараша айынан бастап Орталық кітапханаға қазақ әдебиеті бөлімінің аға кітапханашысы болып қабылданды.Қараша айында әдістемелік- библиографиялық бөлімнің басшысы болып ауыстырылды. 2009-2012 ж.ж. С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің "Кітапханатану және библиография" мамандығын бітірді. 2020 жылғы 16 қыркүйектен бастап "Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы" КММ басшысы лауазымына тағайындалды.Тұрмыста, үш ұлын тәрбиелеп отыр.
ДС-ЖМ | 09:00 — 18:00 |
ЖК: | Демалыс |