Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Аманжолова Райхан Дайкенқызы

Райхан Дайкенқызы Аманжолова

Райхан Дайкенқызы Аманжолова 1953 жылы 20 қазан күні Алтай өлкесі,  Суетск ауданының  Адамовка селосында туған.

Өзінің еңбек жолын 1973 жылы ақпан айынан бастап ПАЗ Продснаб қызметкері ретінде бастады.

Ермак Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 1984 жылы келіп, 1997 жылдың қазан айына дейін Қызылжар ауылындағы Павлодар құс фабрикасының аға кітапханашысы болып қызмет етті.

1986 жылы  Семейдегі кітапхана техникумын бітірді. 1997 жылдың қазанында Ақсу ОКЖ-нің таратылуына байланысты жұмыстан босатылды.

2003 жылдың 1 ақпанында облыстық «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы шеңберінде Қызылжар ауылдық кітапханасы қайта ашылып, Райхан Дайкенқызы Аманжолова меңгерушісі болып тағайындалды.

2003 жылы «Үздік ауыл кітапханасының меңгерушісі» ретінде облыс әкімі атынан компьютер сыйға берілді. Сонымен қатар, Райхан Дайкенқызы «Павлодар -  кітапханалық астана» атты республикалық форумға қатысты.

 2005 жылдың наурыз айынан бастап Қызылжар ауыл кітапханасында  жаңа технологиялар, компьютерлік техника енгізіліп,  ғаламтор меңгеріліп, «РАБИС» бағдарламасында электрондық каталог құру жұмыстары жүргізіле бастады. Кітапхана «Менің туған ауылым» кешенді бағдарламасы негізінде жұмыс жасады. Кітапханада Қазақстан халқының салт – дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын насихаттайтын «Мұрагер» клубы жұмыс істеді.

2006 жылы Қызылжар ауыл кітапханасының базасында модельдік  ауыл кітапханасы құрылды. Кітапхана телефонмен жабдықталып, сайт құрылды. Сол жылы  кітапхана базасында «Кітапхана – жергілікті қоғамдастыққа жалпы қолжетімді орталық»  тақырыбында  облыстық семинар өткізілді. Сонымен қатар,  Райхан Дайкенқызы  «Қазақстандық патриотизмді бекіту  - ұлттық интелегенция міндеті» атты  ҚР Президентінің Жолдауы бойынша 2007 жылдың 18-19 сәуірінде Астана қаласында өткен ҚР  мәдениет және ақпарат Министрімен кездесуге де қатысты. Ол  Павлодар облысының кітапханалар атынан өкіл ретінде жіберіліп, кездесуде баяндама оқыды.

Көп жылдық еңбек жолында көптеген грамоталармен марапатталды. 1988 жылы 1987 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Ермак мәдениет бөлімінің құрмет грамотасымен, 2009 жылы ҚР Конституциясының 15-жылдығы қарсаңында Облыстық Мәдениет Департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2011 жылы Кітапханашылар күні қарсаңында көп жылдық еңбегі мен  ісіне деген адал қызметі үшін қала әкімі орынбасарының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2012 жылы Павлодар облысының облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподағының  құрмет грамотасымен марапатталды.

2012 жылдың қазан айында Райхан Дайкенқызы зейнеткерлік демалысқа шықса да,  кітапханадағы қызметін жалғастырды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап құрмет демалысында.

2018-04-05 10:05:17
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты