Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Карпова Ирина Валентиновна

Карпова Ирина Валентиновна

Карпова Ирина Валентиновна 1958 жылы 9 желтоқсанда Новгород қаласында  дүниеге келді. Ата-анасы  Павлодар облысының Ермак қаласына көшіп келді. 1975 жылы МАЭС кентінің орта мектебін бітірді. 1976 жылы Ермак мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөліміне оқуға түседі. 1978 жылы оқуын бітіріп, кітапханашы дипломына ие болды.

         Ирина Валентиновна  өзінің еңбек жолын 1978 жылы Пионерлер үйінде кітапханашы болып бастады. 1978 жылдың қараша айында Ақсу ОКЖ-не  келіп, Орталық балалар кітапханасының аға кітапханашысы  қызметіне орналасып, сол лауазымда  1997 жылдың шілде айына дейін қызмет етті. Сол жылы отбасылық жағдайына байланысты  №8 орта мектебінің кітапханасына жұмысқа ауыстырылды.

         2003 жылдың ақпан айынан 2015 жылға дейін Орталықтандырылған кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде аға кітапханашы қызметін атқарды. Жұмыс кезеңінде өзін сауатты маман ретінде көрсете білді. Ирина Валенитиновна  қай бөлімде қызмет етсе де жұмысын адал атқарып, бастаған ісін соңына дейін жеткізетін.

         2003 жылы оның бастамасымен балалар әдебиеті бөлімінде «Семейный круг» атты отбасылық кітап оқу клубы ашылып, жұмыс жасады, ал 2006 жылы «Золотой ключик» клубы, 2010 жылдан «Читайка» клубы өз жұмысын бастады. Ирина Валентиновна іс-шараларды жоғары деңгейде өткізіп, клуб отырыстарының сценарийлерін өзі дайындап, балалармен жұмыс жасаудың жаңа формаларын енгізді.

         Ұжым мен оқырмандар арасында жоғары құрметке ие. Ол -  ықыласты, барлығына қол ұшын беруге дайын жан. 2010 жылдан бастап зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін  кәсіподақ ұйымының төрайымы болды. Еңбек жолында бірнеше рет мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен, қала  әкімі, Павлодар облысының әкімі,  Павлодар облысы Мәдениет Департаменті басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

         2016 жылдың қаңтарында зейнеткерлік демалысқа шықты.

2018-04-05 13:58:18
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты