Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Клюшникова Татьяна Степановна

Татьяна Степановна

Клюшникова Татьяна Степановна 1959 жылы 20 желтоқсан күні Ресей Федерациясының Алтай өлкесі, Северка селосында дүниеге келді. 1967 жылы ата-анасы Қазақстанға көшіп келді. 1967 жылы Ақсу кентіндегі №3 мектепке  бірінші сыныпқа барды. 1977 жылы Ермак мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөліміне оқуға түсті. 1979 жылы Ермак мәдени-ағарту училищесін бітірген соң Татьяна Степановна өзінің еңбек жолын Алтай өлкесінің Славгород қаласында Орталық кітапханада оқу залының меңгерушісі лауазымында бастады.

1980-1985 жылдары аралығында  Алтай мемлекеттік институтын жоғары категориялы кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша сырттай оқып бітірді. 1983 жылы Ақсу ОКЖ келіп, Ақсу кентінің №4 қалалық балалар кітапханасында  кітапханашы, кейін  кітапханашы, Ақсу кентінің №2 қалалық кітапханасының аға кітапханашысы қызметтерін атқарды.

Ақсу ОКЖ таратылғаннан кейін 1997 жылдан 2001 жылға дейін жұмыссыз отырды. Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасына 2001 жылдың қыркүйек айында ересектер бөлімі абонементінің кітапханашысы болып орналасты, 2008 жылдан  бастап оқу залының кітапханашысы болып ауыстырылып, зейнеткерлік демалысқа дейін қызмет етті.

Татьяна Степановнаның  өзінің мамандығы мен  кітаптарға деген сүйіспеншілігі зор, оқырмандарға қояр талабы жоғары. Ол өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарап,  оқырмандарға арнап дөңгелек үстелдер, әдеби, тақырыптық кештер ұйымдастырып, өзі сценарий дайындап,  бұқаралық іс-шараларға шығармашылық жағынан қатысып, жаңа әдебиеттерді оқырмандар арасында насихаттаумен айналысты.

2005-2010 жылдар аралығында Орталықтандырылған кітапхананың кәсіподақ ұйымын басқарды. Татьяна Степановна - жақсы ұйымдастырушы, өте қуатты, бастаған ісін соңына дейін жеткізетін, жеткен жетістіктерінде тоқтамай алға талпынатын жан. Ұжым мен оқырмандар арасында  құрметке ие, өзіне және айналасындағыларға қояр талабы жоғары, қарым-қатынаста  ынталы, қуатты, табанды.

Еңбек жолы кезеңінде бірнеше рет Ермак аудандық мәдениет бөлімінің грамоталарымен, Ақсу қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен, қала әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

2018-04-05 14:00:02
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты