Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Кітапхана туралы Ауыл кітапханалары АЛҒАБАС АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ
АЛҒАБАС АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ

WhatsApp Image 2019-06-25 at 11.08.50

Құрылған жылы: 2004, қараша

Байланыс телефоны: 79-7-07

Құрылымы: абонемент, оқу залы

 

Тарих беттері:

Кітапхана 2004 жылы 4 қарашада облыстық «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы бойынша ашылды. Кітапхана ауыл әкімдігінің ғимаратында орналасқан. Кітапханашы Салкенова Күміс Қайратқызы қабылданды.

Кітапхана қоры ашылған кезде 4605  дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде 467 дана кітап, ауылдық оқырман үшін 4 атау журналдар мен газеттерге жазылды. Алғашқы жылы кітапханаға 43  адам жазылды, оның ішінде 15 жасқа дейінгі 21 бала.

Кітапхана қоры бүгінде  – 3 591 дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде –  2467, ауылдық оқырмандар үшін 15 дана журналдар мен газеттерге жазылды. Үй-жайда косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаз, компьютер сатып алынды, «РАБИС» кітапханалық бағдарламасы орнатылды, ақпараттық стендтер сатып алынды, телефон орнатылды. Кітапхана жұмысын бүгінде  Куватова Асем Амантайқызы басқарады. 2012 жылдан бастап кітапханада 5 сынып оқушыларына арналған «Жауқазын» клубы жұмыс істейді.

Кітапхана ауылда 15 жыл жұмыс істейді және ауыл тұрғындарының беделі мен махаббатына ие болды. Кітапхана оқырмандары кітапханада өтетін іс-шараларға қатысады. Жыл сайын кітапханаға 500-ден астам оқырман жазылады.

Мақсатты бағдарлама:

Кітапхана «Отбасы және кітапхана» мақсатты бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

Мақсаты:  рухани-адамгершілік отбасылық дәстүрлерді нығайту, сақтау және жалғастыру.

Міндеттері: рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу: отбасылық құндылықтарға бағдар беру, жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениеттің, мәдени және тілдік дәстүрлердің жетістіктерін меңгеру қажеттілігін тәрбиелеу.

Серіктестер: ауыл әкімдігі, орта мектеп педагогтары.

2019-07-15 17:04:37
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты