Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Кітапхана туралы Ауыл кітапханалары ЕВГЕНЬЕВКА АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ
ЕВГЕНЬЕВКА АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ

Евгеньевка

Құрылған жылы: 2005, маусым

Байланыс телефоны: 74-5-80

Құрылымы: абонемент, оқу залы, коворкинг-орталығы

 

Тарих беттері:

Кітапхана 2005 жылы 1 маусымда облыстық «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы бойынша ашылды. Кітапхана ауыл әкімдігінің ғимаратында орналасқан.

Кітапхана қоры ашылған кезде 4 105  дана кітап құрады, ауылдық оқырмандар үшін 6 атау журналдар мен газеттерге жазылды. Үй-жайда косметикалық жөндеу жасалған. Ақсу қаласы әкімінің орынбасары С.О. Есенғұлованың, ауыл тұрғындары мен Ақсу қаласының ОКЖ әкімшілігінің қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Кітапхана қоры ашылған кезде 4105 дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде 114 дана кітап, ауылдық оқырман үшін 5 атау журналдар мен газеттерге жазылды. Алғашқы жылы кітапханаға 248 адам жазылды, оның ішінде 15 жасқа дейінгі 132 бала.

2006 жылы кітапхана ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратына көшті. Кітапхана қоры бүгінде  – 8436 дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде –  3677, ауылдық оқырмандар үшін 15 атау журналдар мен газеттерге жазылды. 2009 жылы компьютер, 2011 жылы принтер және сканер сатып алынды. «Рабис» бағдарламасы орнатылды. 2018 жылы 4 шілдеде кітапханада коворкинг-орталық ашылды, компьютер, ноутбук, проектор, экран, жаңа стеллаждар сатып алынды. Шаруа қожалықтарының басшылары демеушілік көмек көрсетті.

Кітапхана ауылда 14 жыл жұмыс істейді және ауыл тұрғындарының беделі мен махаббатына ие болды. Кітапхана жұмысын ашылғаннан бері  Шарипова Екатерина Петровна басқарады.  Жыл сайын кітапханаға 500-ден астам оқырман жазылады.

Кітапханада 2 клуб жұмыс істейді:  «Книгалюб» қызығушылық бойынша клубы және  зейнеткерлерге арналған «Добрые встречи» клубы.    

Мақсатты бағдарлама:

Кітапхана «Балалық шақ-таным әлемі» бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

Мақсаты: балалардың шығармашылық белсенділікті дамыту және бос уақытты дамыту үшін балалар мен жасөспірімдердің рухани және интеллектуалдық өсуде қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Міндеттері: Кітапқа қызығушылықты және кітап оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, кітапханалық қарым-қатынастың инновациялық формалары мен әдістерін пайдалана отырып, үздік әдеби шығармалармен танысу.

Серіктестер: Евгеньевка ауылының әкімдігі; ақсақалдар кеңесі;  Ю.Гагарин ат. орта мектебінің педагогтары,  «Достық» мәдениет үйі.

 

2019-07-15 17:13:24
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты