Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Кітапхана туралы Ауыл кітапханалары ҚҰРКӨЛ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ
ҚҰРКӨЛ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ

WhatsApp Image 2019-06-24 at 10.42.11

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі

Құрылған жылы: 2005, сәуір

Байланыс телефоны: 4-12-79

Құрылымы: абонемент, оқу залы

 

Тарих беттері:

Кітапхана 2005 жылы 1 сәуірде облыстық «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы бойынша ашылды. Кітапхана қоры ашылған кезде 6285  дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде  – 1293 дана кітап құрады, ауылдық оқырмандар үшін 5 атау журналдар мен газеттерге жазылды. Алғашқы жылы кітапханаға  315  адам жазылды, оның ішінде 15 жасқа дейінгі 105 бала.

Кітапхана қоры бүгінде  – 6373  дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде –  4138 дана кітап құрайды. 2009 жылы Құркөл ауылында «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылдық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, сол кезде  кітапхана үшін 85.5 ш. м. бөлме бөлінді.

Кітапхананың жаңа ғимараты үшін қосымша жиһаз, компьютер, телефон сатып алынды, «Рабис» кітапханалық бағдарламасы орнатылды, интернет қосылды.

Кітапхана жұмысын ашылғаннан бері Тулебаева Айман Жұмабайқызы басқарады. Кітапханада  «Айгөлек» балалар клубы жұмыс істейді.

Жыл сайын кітапханаға 500-ден астам оқырман жазылады. Кітапхана ауылда қоғамдық жұмыс жүргізеді, әкімдік, мектеп, балабақша, МҮ тығыз жұмыс істейді.

Мақсатты бағдарлама:

Кітапхана «Туған жер-мәңгілік Отанымыз» мақсатты бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

Мақсаты: өскелең ұрпаққа париоттық тәрбие беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Міндеттері: Қазақстан тарихына оқырмандардың қызығушылығын, Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

 Серіктестер: Құркөл ауылының әкімдігі, ақсақалдар кеңесі, ЖӨБҚК( жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық комитеті), мектеп және МҮ

2019-07-15 17:22:08
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты