Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Кітапхана туралы Ауыл кітапханалары САРЫШЫҒАНАҚ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ
САРЫШЫҒАНАҚ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ

WhatsApp Image 2019-06-25 at 14.47.59

Құрылған жылы: 2005

Байланыс телефоны: 4-01-63

Құрылымы: абонемент, оқу залы

 

Тарих беттері:

Кітапхана 2005 жылы облыстық «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы бойынша ашылды. Кітапханашы Сарсекенова Ботагөз Қабдырахманқызы қабылданды. Кітапхана ауылдық әкімдік ғимаратында орналасқан.

Кітапхана қоры ашылған кезде 3498 дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде 1213  дана кітап, ауылдық оқырман үшін 6 атау журналдар мен газеттерге жазылды. Алғашқы жылы кітапханаға 227 адам жазылды, оның ішінде 15 жасқа дейінгі 113 бала.

Кітапхана қоры бүгінде  – 6122 дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде – 3369, ауылдық оқырмандар үшін 16 атау журналдар мен газеттерге жазылды. Үй-жайда косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаз, компьютер сатып алынды, «РАБИС» кітапханалық бағдарламасы орнатылды, ақпараттық стендтер сатып алынды, телефон орнатылды. Кітапхана жұмысын  бүгінде  Мейрханова Бахытлы Сүкінқызы басқарады. 

2016 жылдан бастап кітапханада әйелдерге арналған «Раушан» клубы жұмыс істейді.

Кітапхана ауылда 14 жыл жұмыс істейді және ауыл тұрғындарының беделі мен махаббатына ие болды. Кітапхана оқырмандары кітапханада өтетін іс-шараларға қатысады. Жыл сайын кітапханаға 500-ден астам оқырман жазылады.

Мақсатты бағдарлама:

Кітапхана «Отбасы әлемі» мақсатты бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

Мақсаты: рухани-адамгершілік отбасылық дәстүрлерді нығайту, сақтау және оны табыстау, кітапхананың жағымды имиджі мен беделін арттыру.

Міндеттері: ата-аналарды отбасылық оқу процесінде баламен бірлесіп қарым-қатынас жасауға бағыттау, балалар мен ата-аналарды кітаппен достасуға, өзара түсіністікке қол жеткізу және ортақ мүдделерге қол жеткізу.

Серіктестер: ауыл әкімдігі, МДО, орта мектеп педагогтары.

2019-07-15 17:39:42
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты