Мақсаты:
Рухани-адамгершілік отбасылық құндылықтарды, отбасылық өзара қарым-қатынасты, салауатты өмір салтын сақтау, нығайту және әрі қарай тарату, шежіреге, отбасылық құндылықтарға деген қызығушылықты дамыту, бос уақытты ұйымдастыру, отбасының тарихы мен шежіресі туралы мәліметтер жинау, отбасындағы дәстүрлі қарым-қатынасты қалпына келтіру, кітапхананың абыройын, позитивті беделін жоғарылату.
Міндеттері:
Оқырмандардың тілдік, отбасылық және мәдени дәстүрлерді енгізу бойынша ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу;Отбасылық кітап оқу кезінде ата-аналарды баламен бірлесіп қарым-қатынас жасауға бағыттау, ата-аналар мен баланы кітаппен достастыру, ортақ қызығушылақтар мен өзара түсінушілікке қол жеткізу;Қызметті мектептермен, қосымша білім беру мекемелерімен үйлестіру;Отбасылық оқуды ұйымдастыру мен мәдени және тілдік мұраны сақтауда кітапхана қызметінің барлық кітапханалық-библиографиялық түрлері мен әдістерін қолдануРухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу: отбасылық құндылықтарға бағыттау, жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениет жетістіктерін, мәдени және тілдік дәстүрлерді меңгеру үшін қажеттіліктерді тәрбиелеу;
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2017-2018 ж.ж.
Күтілетін нәтижелер:Кітап, кітап оқу, кітапхана беделінің жоғарылауы;Балалардың бойында кітапқа, кітап оқуға деген сүйіспеншіліктің қалыптасуы;Отбасылық оқу дәстүрінің жаңғыруы;Балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы;Мәдени, отбасылық және тілдік дәстүрлердің сақталуы;Дүниетанымның қалыптасуы;Өнер мен көркем әдебиеттің таңдаулы шығармаларымен танысу арқылы сөйлеу мәдениетінің және эстетикалық мәдениеттің қалыптасуы.
ДС-ЖМ | 09:00 — 18:00 |
ЖК: | Демалыс |