Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Жаңалықтар Мейірімділік пен құрмет күні
Мейірімділік пен құрмет күні

«Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасы» КММ кітапханашылары Қарттар күніне арналған онлайн-режимде бірқатар іс-шаралар өткізді. Ауылдық кітапханаларда онлайн мерекелік бағдарламалар, кездесу кештері, өлең каруселі, бейнероликтер өтті. Ақжол ауылдық кітапханасының «Күзгі жапырақтар блюзі» кездесу-кеші және Алғабас ауылдық кітапханасының «Қайырымды болайық» қарым-қатынас кеші; Еңбек а/к «Қарттарымыз-қазынамыз» ақпарат сағаты және т.б. әлеуметтік желілерде дайындалып, жарияланды.

Достық а/к кітапханашысы әлеуметтік желілерде «Өмірдің алтын кезеңі» атты өлең каруселін өткізді, онда Достық ауылының ауыл мектебінің оқушылары қарттарды өлең жолдарымен құттықтады, сондай-ақ 25 қыркүйек пен 25 қазан аралығында «Қамқорлық» айлығы шеңберінде кітапханашы «Сүйікті, ақылды, қымбаттыларыма...» акциясын іске қосты. Кітапхананың жас оқырмандары өздерінің ата-әжелерін құттықтап, фотосуреттер мен тілектер жазылған коллаждар жасады. Оны инстаграм беттерінде көре аласыз: biblioteka_dostik.

1 қазан күні таңертең Ақсу қаласының Орталық кітапханасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде «Біз сіздерге құрметпен басымызды иеміз» мерекелік-музыкалық вояжын жариялады. Оны инстаграм беттерінде көре аласыз: cb.aksu.library

  Достык 1 окт фото

 

02 Қазан 2020 ж.
Жаңалықтар
2 қазан күні Орталық кітапхананың әлеуметтік желілерінде оқырмандарға қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100...
02 Қазан 2020 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Роза Тимофеевна Зингер
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты