Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Жаңалықтар «Бұл сиқырлы дыбыстар...»
«Бұл сиқырлы дыбыстар...»

9 ақпанда Орталық кітапхана мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Ал бізде, сіздер үшін бәрі бар!» Әдеби-музыкалық қонақжай аясында керемет австриялық композитор және виртуоз-музыкант В.А. Моцарттың 265 жылдығына «Бұл сиқырлы дыбыстар ...» атты онлайн түрде музыкалық  библиотерапиясын ұсынды.

Бәлкім, музыкада адамзат соншалықты сүйсініп, соншалықты қуанып, әсер еткен есім жоқ шығар. Моцарт-музыканың символы...оның ерекшелігі -ол өз уақытының барлық музыка түрінде жұмыс істеді және барлық жағынан ең жоғары жетістікке жетті.

Вольфганг Амадей Моцарт (нем. Wolfgang Amadeus Mozart) 1756 жылы 27 қаңтарда Зальцбургте дүниеге келген. Ол 1760 жылы небәрі төрт жасында клавесинге арналған алғашқы концертін жазды. Моцарттың жетістіктеріне қарамастан, оның қаржылық жағдайы керемет емес еді. 1790 жылы Император Иосиф II қайтыс болғаннан кейін, Моцарттың материалдық проблемалары соншалықты күрделі болды, ол Венадан несие берушілердің қудалауынан және  өз істерін біршама жақсарту үшін әртістік саяхатқа шығуға мәжбүр болды.

Австриялық композитор және виртуоз-музыкант әлемдік музыкалық мәдениетке үлкен әсер етті. Замандастарының айтуынша, Моцарт феноменальды музыкалық есту, есте сақтау және импровизация қабілетіне ие болған.

Моцарт небары 35 жыл өмір сүрді, бірақ артында оның 650-ге жуық шығармасы қалды.

Бүгінде барлық жерде - театрлар мен концерт залдарында, мектептер мен музыкалық оқу орындарында шырқалатын композитор музыкасына өзгеше сұраныс туралы айта отырып, Дмитрий Шостакович: «Моцарт-бұл жанның жастығы. Бұл суретшінің қолы қандай жанрға тисе де, барлық жерде ол нағыз асыл тастарды жасайды және музыка өнеріне жаңа керемет көкжиектер ашады. Сондықтан біз осы таңғажайып композиторды өте жақсы көреміз».

Іс-шараның соңында оқырмандар мен интернет пайдаланушыларына В.А.Моцарттың «Вальс цветов» музыкалық композициясынан үзінді тыңдауға шақырды. Осы бейнероликті  cb.aksu.librari сілтемесі бойынша инстаграммнан көре аласыз.

15 Ақпан 2021 ж.
Жаңалықтар
«Ауғанның отты жалыны» тақырыптық сағат  2021 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32...
16 Ақпан 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты