Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Жаңалықтар «Ауғанның отты жалыны»
«Ауғанның отты жалыны»

«Ауғанның отты жалыны» тақырыптық сағат

 2021 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32 жыл толады. Бұл күні елде әлемнің әр түкпірінде «шиелініс нүктелерден» өткен «ауғандық» жауынгерлер мен басқа да соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіледі. Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға кіруі саяси шиелінісінің қортындысы болды.«Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасы» КММ кітапханаларында Отан шегінен тыс қызметтік борышын өтеген қазақстандықтарды еске алу күніне арналған іс-шаралар өтуде.15 ақпанда Орталық кітапхана Zoom прлатформасында  Ауғаныстаннан әскерлерді шығарылған күніне арналған «Ауғанның отты жалыны» тақырыптық сағаты өткізілді. Соғыс тақырыбы-мәңгілік дерт және жазылмайтын жара. Ақсу өңірінде соғыс деген не екенін жақсы білетін отбасылар бар. Іс-шараның қонақтары Ақсу қаласының №11 Өрт сөндіру бөлімі, №7 ОМ тарих пәнінің мұғалімі Хворова Оксана Юрьевна болды.Кітапхана қызметкерлері соғыстың қатыгездігі мен ұлдарынан айрылған аналардың қайғысы туралы «Ешкім соғыс үшін жаратылмаған» атты бейне-презентация дайындады. Іс-шара барысында тарих мұғалімі Оксана Юрьевна Хворова Ауғанстанда соғысты бастан кешкен балалар туралы айтып берді, биыл олар мектепте Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған мұражай ашып жатыр. Біздің қалада тұратын Ауған соғысының ардагерлерін еске алдық, олар: Русинов Сергей Анатольевич, Абуов Қалдыбек Қойшыбаев, Шулаев Дмитрий Александрович. Ауған соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кітапхана қызметкерлері «Ауған отты жалыны» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеде өз борышын соңына дейін орындағандардың жауынгерлік жолын бейнелейтін құжаттар ұсынылған. Оқырмандар сол соғыс куәгерлерінің авторлық шығармаларымен, сондай-ақ деректі және көркем шығармалармен таныса алады.

16 Ақпан 2021 ж.
Жаңалықтар
«Ауғанның отты жалыны» тақырыптық сағат  2021 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32...
16 Ақпан 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты