Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Жаңалықтар «Павлодар Ертіс Өңірінің Жазушысы» балалар жазушысы Ольга Григорьевамен онлайн -кездесу
«Павлодар Ертіс Өңірінің Жазушысы» балалар жазушысы Ольга Григорьевамен онлайн -кездесу

        Бүгін, Балалар кітабы-2021 апталығының екінші күні, Ақсу қаласының Орталық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі ZOOM платформасында балалар ақыны, жазушы, журналист Ольга Николаевна Григорьевамен Павлодар қаласының Торайғыров ат. облыстық әмбебап кітапханасы және М.Жаманбалинов ат. Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп «Павлодар Ертіс өңірінің жазушысы» атты онлайн-кездесу өткізді.

 Іс- шараға Ақсу қаласының № 4,7, 8, мектеп-лицей және т. б. мектеп оқушылары қатысты.

Кездесу барысында Ақсу қаласының Орталық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы А.Грипас Ольга Николаевнаның қысқаша өмірбаянын, оның жетістіктері мен сіңірген еңбектері туралы айтып берді. Одан кейін М.Жаманбалинов ат. Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы О.Григорьеваның кітаптары бойынша шолу жасап, авторға сөз берді. Ольга Николаевна өзінің алғашқы кітаптары туралы айтып берді, сонымен қатар өзінің соңғы кітаптарының бірімен таныстырды.              

 Ол жүргізушінің сұрақтарына жауап бере отырып, өз шығармасының кейіпкерлері туралы, өзінің жоспарлары туралы, өзінің сүйікті жазушысы А.Гайдар туралы айтып өтті.

 Содан кейін мектеп – лицейінің 3 «А» сынып оқушылары: Я. Грипас, А.Новоцветова Б.Блейле, Н.Цымбал, Т.Буряков  О.Григорьеваның өлеңдерін оқыды.

Шара соңында Ольга Григорьевна біздің қатысушыларға көп кітап оқуды, өздерінің таланттары мен қабілеттерін дамытуды тіледі.

DSC_0006

 1

30 Наурыз 2021 ж.
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты