Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Жаңалықтар «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» патриоттық сағат
«Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» патриоттық сағат

4 мамыр күні Орталық кітапханада «Ақсу және Май аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» РММ басшысы Ахметжанов Абылай Ұланұлы, Павлодар облысы Мемлекеттік мұрағатының Ақсу бөлімінің мұрағатшысы Тимершина Лариса Владиславовна, Ақсу қаласы 11 – ӨСБ қызметкерлері және Ақсу қаласы мектептерінің оқушыларының қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» атты патриоттық сағаты Зум платформасында өткізілді. Жүргізушілер Қазақстанның ұлттық қарулы күштерінің құрылу тарихымен таныстырды. 7 мамыр-Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні. Ол жақында тойлана бастады. 2012 жылы күзде мереке мемлекеттік мерекеге айналды. Абылай Ахметжанов өз сөзінде жыл сайын біздің қаламыздан балалар Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына шақырылатынын, олар еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқаратынын айтып, іс-шараға қатысушыларды мерекемен құттықтады. Содан кейін мұрағатшы Лариса Тимершина «Әйелдер соғыста» тақырыбында сөз сөйледі, Ұлы Отан соғысына қатысқан әйелдер: Токтамышева Сүйінбике Ғалымжанқызы, Болотина-Ермак Анна Ивановна, Зайцева-Сорокина Екатерина Дмитриевна, Сизинцева Анна Павловна, Русняк Агафья Арсентьевна, Горохова Любовь Лейбовна туралы айтты. Шара барысында қатысушылар кітап көрмесімен таныстырды.Отан қорғаушылар күні - ел ішінде де, одан тыс жерлерде де армияның беделін арттыруға арналған мереке. Қазақстандықтар үшін Қарулы Күштер — егемендік пен шекараның мызғымастығының кепілі. 25 адам қатысты.

 

 

 

13 2  3333

              

04 Мамыр 2021 ж.
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты