Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Жаңалықтар «Соғыс туралы біз кітаптардан білдік» Жеңіс күніне арналған еске алу кеші
«Соғыс туралы біз кітаптардан білдік» Жеңіс күніне арналған еске алу кеші

    5 мамыр күні Орталық кітапханада «Соғыс туралы кітаптардан білдік» атты еске алу кеші өтті. Кітапханашылар Ұлы Отан соғысының тарихы туралы әңгімеледі. «Ұмытылмаған батырлар» жобасы аясында Ақсу өңірінен шыққан батыр-жауынгер Сәбит Ахметбеков туралы материал ұсынылды. Құттықтау сөз Ақсу қаласының Құрметті азаматы, Ақсу қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Арынов Залмукан Арынұлына берілді. Экспонаттар: заттар, медальдар, құжаттар туралы Ақсу қаласы музейінің меңгерушісі Гүлжанар Наскенқызы Ақшолақова айтып берді. З.Я. Качусова «Ода солдату» өлеңін және Л.Г.Трушина өз өлеңін оқыды. «Соғыс.Жеңіс.Естелік» атты көрмесіне Павлодар облысы Мемлекеттік мұрағатының Ақсу бөлімінің мұрағатшысы Л.В. Тимершина шолу жасады. Бізге бейбіт өмір мен бақытты балалық шақ сыйлаған барлық адамдарға З.Я.Качусова «Довоенное танго» и «Бабушкин вальс» әндерін арнады, «Родники» поэтикалық клубының мүшесі З.Я. Качусова «Синий платочек» әнін орындады.

1

2

3

4

05 Мамыр 2021 ж.
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты