Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Жаңалықтар «МӘШҺҮРДІҢ МҰҢЫ» кітабының тұсаукесері
«МӘШҺҮРДІҢ МҰҢЫ» кітабының тұсаукесері

2021 жылдың 21 мамырында Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Серік Төлеубайұлы Елікбаевтың М.Ж.Көпейұлының өміріне арналған «Мәшһүрдің мұңы» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары: М.Ж.Көпеевтің шөбересі,   С.Торайғыров ат. университет профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ертай Қуандықұлы Жүсіпов, С.Торайғыров ат. университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Ербол Айтбаев, Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Мейрам Төлегенұлы Нұғыман, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Маданиұлы Қаппасов, Ақсу қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұқан Арынұлы Арынов, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдос Ырсымбекұлы Оразалин, қаламыздың құрметті азаматтары болды.

Іс-шара барысында автор өзінің шығармасы арқылы оқырмандар қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі туралы тереңірек біле алатынын айтып өтті. Кітапта өмірінің әр кезеңінен мәліметтер берілген. Осылай ақынды әр қырынан тануға мүмкіндік туады. Шығарманың сөздік қоры мол, оқуға жеңіл.

Салтанатты тұсаукесерді М.Ж.Көпеевтің шөбересі, С.Торайғыров ат. университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ертай Қуандықұлы Жүсіпов пен Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Маданиұлы Қаппасов өткізді. Іс-шара соңында Бортыбай Ерболат «Туған жер» әнін ұсынды.

DSC_0041

DSC_0042

DSC_0052

24 Мамыр 2021 ж.
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты