Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Жаңалықтар «Түстердің әртүрлілігі» шығармашылық сабақ
«Түстердің әртүрлілігі» шығармашылық сабақ

2021 жылдың 27 мамырында Ақсу қаласының Орталық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Ақ желекен» және «Жұлдыз» аула клубтарының балалары үшін С.Дөнентаев ат. ҚМС суретші-безендірушісі Т.М.Тишакованың қатысуымен сурет салудан «Түстердің әртүрлілігі» атты шебершілік сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапханашы  А.А. Грипас сурет салу туралы қысқаша әңгіме айтты, ол сурет салудың әртүрлі түрлері туралы презентациясымен сүймелденді. Балалар осы тақырыпта ребустар шешті. Содан кейін Татьяна Михайловна балалармен шеберлік сағатын өткізді, онда оларға балауыз қарындаштармен дақ техникасымен сурет салуды үйретті. Балалар өздерінің қиялын қоса отырып, қарапайым дақты әдемі мысыққа немесе итке айналдыруға қаншалықты оңай және қызықты екенін көрді, олар жұмысқа қосылуға, қиялдауға, қағазға өздерінің ерекше жануарларын жасауға қуанышты болды. Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. 

0e37c1e6-52e3-422a-8d06-4ce434984a4b

1d408502-9a52-4324-becc-c53c685562a0

04 Маусым 2021 ж.
Жаңалықтар
1 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін...
04 Маусым 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты