Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Жаңалықтар «МЕНІҢ АСТАНАМ НҰР-СҰЛТАН – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРЛІГІ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ СИМВОЛЫ»
«МЕНІҢ АСТАНАМ НҰР-СҰЛТАН – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРЛІГІ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ СИМВОЛЫ»

1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-сында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Елбасының атын мәңгі сақтау үшін Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасады. «Ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атын келесідей түрде есте қалдыру қажет деп санаймын. Елордамыз оның атын иемденіп, Нұр-Сұлтан деп аталуы тиіс»-деді.

Ақсу қаласының Орталық кітапханасының алаңында 6 шілде  астана күніне орай, біздің жас астанамыз, басты қаламыз, ғажайып астанамыз - Нұр –Сұлтанның құрметіне арналған «Менің астанам Нұр-Сұлтан – қазақстанның бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» атты поэтикалық подиумы өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысты, олар қазақ ақындарының және өздері шығарған өлеңдерін оқыды.  «Родники» поэтикалық клубының орындауында Славян хорының репертуарынан әндер шырқалды. Айтыскер ақын Мұхаметқали Зарықұлы астана туралы «Тәуелсіздікке тағзым» өлеңін орындады.

Жаяу Мұса ат. мәдениет бөлімінің оқытушылары Джалалов Даурен мен Иманбаева Гульнара баянмен әсем әндерін көрермендерге ортаға салды. Ақтасов Алмас облыстық республикалық жыр мүшайралардың жеңімпазы «Байрақ», Мұрат Нұрдаулет – жас ақын Ақсу қаласының №2 ОМ оқушысы өз өленің «Кемеліме қазағым» айтты.

 Солдаткина В.П., Никитина Н.П., Симонова  А.Ф, Писаренко Е., Качусова З.Я., Дмитренко Т. Ақсу қаласы Славян хорының әншісі  Путинцева А.И. «Не грусти» әдемі әндерін орындады.

№1 ОМ оқушылары қазақ ақындарының өлендерін орындады:  Жагипарова Д., Ахметова А., Эриков Ш. Оқушылардың жетекшісі Касымова Ю.З.

Үштерек аулы орта мектебінің оқушылары: Мақсатхан Қ, Амандық Е., Баймұрат С. Оқушылардың жетекшісі Шайхимульдинова З.С.

2

1

3

02 Шілде 2021 ж.
Жаңалықтар
1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан...
02 Шілде 2021 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Шинагулова Үміт Нұрланқызы
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты