Ақсу қаласының Орталықтандырылған
кітапханасы
Басты Жаңалықтар "Тұңғыш Президент – дәуір адамы» мәдени сторителлингі"
"Тұңғыш Президент – дәуір адамы» мәдени сторителлингі"

        1 желтоқсан бүкіл ел, Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мақтанышпен атап өтеді. Мерекенің басты мақсаты - тәуелсіздіктің жылдарында және болашақта еліміздің тұрақты дамуының негізіне айналған Елбасының идеялары мен саясатының төңірегінде топтасу. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу кездейсоқ емес. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің мемлекетіміздің қалыптасуы, дамуы мен өркендеуіне баға жетпес үлес қосты.

       29 қарашада Тұңғыш Президент күніне орай Орталық кітапхана Ақсу қаласының емханасында «Тұңғыш Президент-дәуір адамы» мәдени сторителлинг өткізді. Залда емхананың медициналық қызметкерлері жиналды, емхананың бас дәрігері С.Ж. Шайхин іс-шараны жиналғандарға  құттықтау сөзімен  ашты. Жүргізуші кітапханашылар: Г.Нургалиева мен А.Айтишова 1 желтоқсан, яғни Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің  маңыздылығы туралы айтты. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен қызметі, мемлекет тәуелсіздігінің қалыптасу жылдары. «Елбасы мәртебесі - ел мәртебесі» атты көрмеге қойылған библиографиялық шолу аудиторияға өте қызықты болды. Кітапхананың белсенді оқырманы Баян Құсанова «Қолағай» және «Атамекен» әндерін орындады. Аудиторияға ҚР Тұңғыш Президенті тақырыбына арналған «100 сұрақ» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Емхана қызметкерлері ойынға белсенді қатысып, жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.

IMG-20191129-WA0032

IMG-20191129-WA0041

IMG-20191129-WA0044

IMG-20191129-WA0045

 

 

 

29 Қараша 2019 ж.
Жаңалықтар
 5 желтоқсанда «Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасы» КММ халық көп баратын нысандарына кітап көрмелерін ұйымдастыру...
05 Желтоқсан 2019 ж.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Кітапхананың жұмыс режимі:
ДС-ЖМ 09:00 — 18:00
ЖК: Демалыс
Астана, 44 көшесі
Басшысы
Роза Тимофеевна Зингер
Ақсу кітапханасының басшысы
Жаңалықтар мұрағаты